Сирияда 30-дан астам қазақстандық қылмыстық топтың құрамына кірген
02.03.2025 12:17
Фото:
© El.kz
Сириядағы қарулы топтардың құрамында 30-дан астам қазақстандық бар, тағы 10-нан астамы күрдтердің бақылауындағы тұтқындар лагерінде отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олардың көпшілігі Қазақстанға оралуды жоспарламайды. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев РИА Новости агенттігіне мәлімдеді.
Қазіргі уақытта Сириядағы жекелеген қарулы топтардың құрамында 30-дан астам қазақстандық бар. Олардың басым бөлігі Отанына қайтуды ойламайды, кейбірі тіпті сириялық азаматтық алып, сол елде тұрақты тұруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, күрд күштерінің бақылауындағы "Аль-Холь" және "Родж" лагерлерінде 10-нан астам қазақстандық әйел бар. Олар да Қазақстанға оралудан бас тартып отыр, – деді Дәурен Абаев.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

