Жаңалықтар

Сирия Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жеделхат жолдады

Сирия Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жеделхат жолдады
Фото: Ақорда 06.03.2023 12:24 1020

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Cирия Президенті Башар Әл-Асад Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының атына Сирия Президентінен жеделхат келіп түсті. Онда Башар Әл-Асад биыл ақпан айында болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты.

«Қиын-қыстау шақта бізге қолдау білдіріп, адамгершілік және ізгілік танытқан Қазақстанның ұстанымын Сирия халқы жоғары бағалайды», – деп жазылған жеделхатта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға