Сирек кездесетін гауһар мен зергерлік бұйымдар аукционға қойылады
29.10.2025 13:40
Фото:
zbirt
10 қарашада Женевада өтетін Phillips аукционында Вандербильт отбасының сирек гауһартасы мен тарихи зергерлік бұйымдары ұсынылады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Аукционның басты лоты — 6,95 караттық күлгін-жасыл түсті гауһартас, ал бағасы 9 миллион доллардан басталады. Сонымен қатар, Вандербильт отбасының Tiffany & Co жасаған кашмир сапфирі бар броші 1-1,5 миллион доллар аралығында бағаланып отыр.
Аукционға тағы Cartier, Van Cleef & Arpels, Bvlgari және Tiffany & Co зергерлік бұйымдары да қойылады. Сауда Женевадағы President Wilson қонақүйінде өтеді.
Вандербильт отбасы — АҚШ-та пароходтар мен теміржол бизнесі арқылы байыған әйгілі әулет.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

