Жаңалықтар

Синтетикалық ет қалай жасалады?

Етті түтік ішінде өндіру бойынша заманауи зерттеулер өз ғарышкерлерін ұзақ мерзім бойы қоректендіру жолын іздейтін НАСА тәжірибелерінен кейін пайда болды.
23.10.2015 03:33 4351

Уинстон Черчилль 1930 жылдың өзінде-ақ: «50 жылдан соң біз тек төсі мен санын жеу үшін ғана бүтін бір тауықты өсіріп әуре болмаймыз, оның орнына көп тұтынылатын дене мүшелерін қажетті ортада арнайы өсіреміз» – деп айтқан болатын. Ғалымдар саясаткердің болжамын жүзеге асыруға межелі мерзімнен 20 жылға ұзағырақ уақыт жұмсады. Сөйтіп, үшінші мыңжылдықтың басында синтетикалық ет зертханада алғаш рет өндірілді.  

Фото: http://naked-science.ru/article/sci/06-08-2013-335

Етті түтік ішінде өндіру бойынша заманауи зерттеулер өз ғарышкерлерін ұзақ мерзім бойы қоректендіру жолын іздейтін НАСА тәжірибелерінен кейін пайда болды. Дәстүрлі тағамымызды дәстүрлі емес жолмен әзірлеудің әдісін АҚШ-тың азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын бақылау комитеті (FDA) 1995 жылы мақұлдады. Одан кейін ғалымдар белсенді түрде үндік пен алтын балық жасушаларынан түтік ішінде ет өндіру бойынша тәжірибелер жүргізе бастады.

Синтетикалық етті өндіру үшін бар болғаны қажетті жануардың бастапқы жасушаларын алу ғана қажет. Ары қарай жасушалар қорын толықтырып отырудың қажеттілігі болмайды – бұл процесс йогурт өндірісіне ұқсайды. Одан кейін жасушалар нәрлі сұйықтығы бар түтікке салынып, оған ерекше ақуыздың белгілі бір көлемін қосады. Ақуыз құрамында қажетті «құрылыс» материалдары бар.

Алайда жасушалар кәдімгі ет тілімдерін жасай алмайды, олардың бар жасағаны фаршқа ұқсайды. Зерттеудің дәл қазіргі кезеңде оның қоректік құндылықтары жаман емес, дегенмен мұндай еттің дәмі жоқ және ол салыстырмалы түрде құрғақтау, өйткені оның құрамында май жоқ, тек нәруыз ғана.

Толыққанды синтетикалық кәуәпті, яғни бұлшықетті ет тілімдерін әзірлеу әлдеқайда қиынырақ. Өйткені жасанды бұлшықеттерді жасау үшін табиғи ортадағыдай тарамдалған қан жүйесі болып, әрбір жасушаға қажетті оттегі мен қоректік заттар жеткізіліп отыруы тиіс және ол етке физикалық күш түсіп тұруы қажет.

Синтетикалық еттің артықшылығы

Бүгінде дәстүрлі әдіспен өндірілетін еттің басым бөлігінің құрамында үлкен көлемде қаныққан май бар. Оны жеген тұтынушының қанында холистерин деңгейі көтеріліп, денсаулыққа зиян (жүрек ауруы, семіздік және т.б.) тиеді.

Ғалымдардың пайымдауынша, жасанды ет майдың аз болуы есебінен адам ағзасы үшін пайдалы балама бола алады. Сондай-ақ, өндіруші ондағы нәрлі заттардың деңгейін саналы түрде бақылай алады.

Экология тұрғысынан, түтіктен алынған ет жер шарын аштықтан құтқаруы мүмкін. 2011 жылдың зерттеулері бойынша, түтіктегі етті өндіру дәстүрлі етпен салыстырғанда, энергияны 45 пайызға, топырақты 99 пайызға, суды 80-95 пайызға аз қажет етеді, ал парникті газ бен өзге де қалдықтардың шығу нөлге жақындайды. 


Дәурен Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға