Жаңалықтар

Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады

Бұл туралы "Қазгидромет" мәлім етті
Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады
Фото: 24.kz 29.11.2022 20:14 1140

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

30 қарашада Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан батысқа қарай соғады, орталығында күші 15-20 м/с жетеді. 

Шығыс Қазақстан облысыны ң солтүстік-шығысында түнгі уақытта 40 градус аяз болады. 

Ал Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың  батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыс орталығында және Шымкент қаласында тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. 

Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан кей уақыттарда 30 м/с болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға