pixabay.com

Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады

27.03.2023 13:54

Қазақстан аумағының батыс бөлігі төмен қысымның ықпалында болып, күн құбылмалы болады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.

«Фронталды бөліктердің өтуімен 29 наурызда солтүстікте, күндіз орталықта, 29-30 наурызда шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), 30 наурызда күндіз қалың қар жауып, жаяу бұрқасын болады. 29-30 наурыз күндері еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай жарқылдап, жауын жауады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар республика бойынша тұман болып, жел күшейеді. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік пен шығыста - көктайғақ күтіледі.

30 наурызда еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы күндіз 5 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде.