Жаңалықтар

Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады

Қазақстан бойынша температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді
Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады
Фото: pixabay.com 02.11.2022 14:31 2310

Алдағы күндері Қазақстанның ауа райына ылғалдың үлкен қоры бар аз жылжымалы солтүстік-батыс циклоны ықпал ететін болады, деп хабарлайды El.kz Қазгидромет РМК-ға сілтеме жасап.

«Жаңбыр мен қар жауады, 4 қараша күні күндіз, 5 қараша күні түнде солтүстік-батыста, солтүстікте, 4 қараша күні күндіз, 5 қарашада тәулік бойы оңтүстіктің, оңтүстік-батыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында нөсер жауын жауады. 5 қарашада түнде Қазақстанның оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ, солтүстік-батыс, солтүстік өңірлерде жел күшейіп, жаяу бұрқасын болады. Қазақстан бойынша температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді», - делінген синоптиктердің хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға