Синоптиктер 10 аймақта ескерту жариялады
«Қазгидромет» РМК 9 қазанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz.
Атап айтқанда, Ақмола облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ақтөбе облысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында желдің күші 23-28 м/с артады.
Абай облысының батысында, оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы 23-28 м/с күшейеді.
Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, өңірдің батысында, оңтүстігінде, орталығында желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с артады.
Астанада батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.
Павлодар облысында батыстан жел соғады, күші түнде батыста, оңтүстікте, күндіз басым бөлігінде, 15-20 м/с құрайды.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігі мен солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.