СІМ Солтүстік Македонияға ресми сапармен барды
Министр Солтүстік Македония Президентімен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
02.11.2022 11:31
1560
Қазақстанның сыртқы істер министрі Солтүстік Македонияға екіжақты қатынастар тарихында тұңғыш рет сапар жасады, деп хабарлайды El.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Солтүстік Македония Республикасына ресми сапары өтті. Оның барысында екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары және Солтүстік Македонияның ЕҚЫҰ-ға алдағы 2023 жылғы төрағалығы шеңберіндегі өзара іс-қимыл талқыланды.
Министр Президент Стево Пендаровскимен және Ассамблеяның (Парламенттің) төрағасы Талат Джаферимен кездесулер өткізді, сондай-ақ Сыртқы істер министрі Буяр Османимен келіссөздер жүргізді.

Алдыңғы жаңалық
«Қазақстан халқына» қоры үшінші балаға экзоскелет табыстады
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысында су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілді