Жаңалықтар

СІМ шетелге шығатын қазақстандықтарға кеңес берді

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі айтты
СІМ шетелге шығатын қазақстандықтарға кеңес берді
Фото: gov.kz 07.11.2022 20:16 1221

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров шетелге шығатын қазақстандықтарға қағаз күйіндегі құжаттарды өзімен үнемі бірге алып жүруге кеңес берді, деп хабарлайды El.kz

«Бізде цифрландырудың алға кетіп қалғандықтан көптеген құжатты телефоннан-ақ көре аламыз. Осыған үйреніп қалғанымыз сонша, шетелге шыққан кезде өзге елде де сондай қызмет аламыз деп ойлаймыз.

«Сондықтан менің айтар кеңесім мынау. Шетелге шыққан кезде тіпті электронды билет болғанның өзінде тіркеу кезінде проблема болуы мүмкін. Өздеріңізбен бірге сақтық үшін қағаз күйіндегі құжаттарыңызды бірге ала жүріңіздер», - деді СІМ ресми өкілі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға