Жаңалықтар

СІМ Оңтүстік Африка Республикасымен ынтымақтастық мәселесін талқылады

Кездесуде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық сала сөз болды
СІМ Оңтүстік Африка Республикасымен ынтымақтастық мәселесін талқылады
Фото: Сыртқы істер министрлігі 01.02.2023 00:49 1138

Еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы Елшісі Кийтуметци Мэттьюспен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүздесуге Қазақстан Республикасының ОАР-дағы жаңадан тағайындалған Елшісі Еркін Ахинжанов та қатысты.

Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады және өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Оның ішінде, 2023 жылғы бірінші тоқсанының соңында Астанада өтетін сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың келесі раундына дайындық барысы талқыланды.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Астана мен Претория арасындағы әріптестікті жаңа сапалы деңгейге көтеру мақсатында екі елдің сыртқы саяси мекемелері арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі ілгерілету бойынша уағдаластыққа қол жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға