Жаңалықтар

СІМ өкілдері Солтүстік Македонияның Елшісін қошеметпен шығарып салды

СІМ өкілдері Солтүстік Македонияның Елшісін қошеметпен шығарып салды
Фото: СІМ-нің баспасөз қызметі 21.11.2024 21:16 127

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Солтүстік Македонияның Елшісі Сали Лиманиді еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық дипломат С. Лиманиге ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің атынан алғыс грамотасын табыстап, Солтүстік Македония Елшісінің Қазақстандағы қызметі барысында екіжақты саяси және сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті. 88 жылдық тарихы бар «Alkaloid» танымал фармацевтикалық компанияның Қазақстан нарығына кіруі және Солтүстік Македония делегациясының Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуы ерекше аталып өтті.

Сұхбаттастар екіжақты қарым-қатынастарға екі ел басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гордана Силяновска-Давкованың COP29 шеңберінде Бакуде өткен кездесуінің маңызды серпін бергенін, сондай-ақ келесі жылы Солтүстік Македония басшысына Қазақстанға сапармен келу шақыруын атап өтті. Биыл Солтүстік Македонияда ашылған ҚР Елшілігінің екіжақты ынтымақтастықтың әрі қарай тереңдеуіне ықпал ететініне сенім білдірілді.

Кездесудің соңында Р. Василенко С. Лиманиге алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Өз кезегінде Астанада төрт жыл тиімді еңбек еткен Солтүстік Македония Елшісі Қазақстан тарапына жылы қабылдау үшін алғыс білдіріп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жалғасуына үміт артты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға