Жаңалықтар

СІМ өкілдері Қытаймен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

СІМ өкілдері Қытаймен ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Фото: ҚР СІМ 02.09.2023 05:17 887

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СІМ мәліметінше, кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының түрлі салалардағы толық ауқымды өзекті мәселелерін талқылап, оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.

Сұхбат барысында ағымдағы жылы жоспарланған жоғарғы және жоғары деңгейдегі екіжақты сапарлар мен іс-шаралар кестесіне, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі екі елдің өзара ықпалдасуына басты назар аударылды.

Ә.Бақаев сауда-экономикалық байланыстарды арттыру бойынша бірлескен күш-жігерге ерекше назар аударды. Атап айтқанда, екі ел арасындағы транзиттік-көліктік ынтымақтастықты дамытудың және Қазақстанның Қытайға шикізаттық емес экспортын арттырудың маңызды рөлін атап өтілді.

Өз кезегінде, Қытай елшісі көтерілген мәселелердің маңыздылығын айтып, қытайлық тараптың аталған сұрақтар бойынша белсенді өзара ықпалдасуға дайын екенін білдірді. Ол Қытайдың Қазақстандағы Елшілігі ағымдағы жылы жоспарланған іс-шараларды ойдағыдай ұйымдастыру мақсатында тығыз әрекеттесуді жалғастыратынын хабарлады.

Кездесудің соңында сұхбаттасушылар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыстарды сақтауға уағдаласты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға