Видеодан скрин

Silk Way Star шоуында моңғолиялық әнші жеңіске жетті

Моңғолиялық Мишель Джозеф Silk Way Star шоуының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Музыкалық байқаудың жеңімпазын әнші Димаш Құдайберген жариялады. 

Мишель Джозеф — танымал моңғол әншісі әрі әндердің авторы. Ол шығармашылығында дәстүрлі созылмалы әндерді поп, R&B және фанк элементтерімен үйлестіріп, моңғол және ағылшын тілдерінде орындайды.

Финалда жеті әнші өнер көрсетті. Олар: Язмин Азиз (Малайзия), Мадинабону Адылова (Өзбекстан), Мишель Джозеф (Моңғолия), Автандил Абесламидзе (Грузия), ALEM (Қазақстан), Саро Геворгян (Армения) және Чжан Хэ Сюань (Қытай).

Бірінші маусымның жеңімпазы аралас жүйе бойынша анықталды: 50%-ы — қазылар шешімі, 50%-ы — онлайн дауыс беру нәтижесі.