Сианьнан Алматыға туристік жолаушылар пойызы аттанады
05.05.2024 15:12
Фото:
Көлік министрлігі
Қытай Халық Республикасындағы қазақстандық туризм жылы аясында «Сиань - Алматы» бір реттік туристік жолаушылар пойызын іске қосу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік министрлігінде өткен жиында мүдделі тараптардың өкілдерімен бірлесіп техникалық және технологиялық мүмкіндіктерге, сондай-ақ туристік пойыздың жүруіне қатысты мәселелер әңгіме арқауына айналды.

