Саясаткер: Қазақстан мен Қытай көрші әрі бір-біріне қажет мемлекеттер
Фото: adyrna.kz
Фото: adyrna.kz
12.09.2022 15:29
1517
14 қыркүйек күні елімізге Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келетіні айтылды. Бұл Си Цзиньпиннің екі жылға созылған пандемиядан кейінгі өзге мемлекетке жасап отырған алғашқы ресми сапары. Және оны Қазақстаннан бастамақ. Қытай басшысы Қазақстанға не үшін келе жатыр? Ресми кездесуде қандай мәселелер талқыланып, қандай құжаттарға қол қойылуы мүмкін. Бұл сұрақтар туралы белгілі саясаткер Самат Нұртаза өз пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz.
«Пандемиядан кейін Си Цзиньпиннің ең алғашқы шетелдік сапарымен аттың басын біздің елге бұруы үлкен құрмет. Сондай-ақ бұл Қытай президентінің елімізге жасаған үлкен қадамы деп білемін. Қазақстан мен Қытай бір-біріне қажет мемлекет, біз кеңпейіл көршілес елдерміз. Менің ойымша, бұл кездесуде экономикалық мәселелер мен екі елдің қарым-қатынасы, мұнай-газ құбырының тартылуы мен тасымалына қатысты мәселелер көтеріледі. Сонымен қатар геосаяси жағдайында Ресейге санкция салынып жатқанында біз Қытай экономикасына, оның жалпы өніміне одан әрі тәуелді болуымыз ықтимал», - деді Самат Нұртаза.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында есірткі өндірісі бойынша күдікті қамауға алынды
Келесі жаңалық
Ақтауда жылжымалы зообақ иесі жауапқа тартылды