Жаңалықтар

ШЫҰ және ТМД елдерінің қорғаныс министрлері бас қосты

Кездесуде өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды
ШЫҰ және ТМД елдерінің қорғаныс министрлері бас қосты
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 10.12.2022 05:25 1149

Мәскеуде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Қазақстанның қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысты.

Кездесуде ведомство басшылары халықаралық қауіпсіздік және өңірлік тұрақтылықты қолдау, әскери саладағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасқан.

Ауғанстандағы тұрақсыздық пен террористік қауіптің жоғары деңгейіне байланысты алаңдаушылық білдірілді.

Кездесуге қатысушылар ұлтшылдықтан, фашизмнен және милитаризмнен арылту мен көзсіздіктің кез келген әрекетіне жол берілмеу керектігін мәлімдеді.

Бірлескен коммюникеде ұйымдар шеңберінде одан әрі ынтымақтастықтың маңыздылығы, терроризмге қарсы күрес, оны қаржыландыру арналарын жабу және экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл төңірегінде бірлескен күшті арттыру қажеттігі атап өтілді.

Сапар аясында Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Ресей қорғаныс ведомствосының басшысы армия генералы Сергей Шойгумен кездесті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға