СІМ-нің баспасөз қызметі

ШЫҰ саммитіне орай Ұйымға мүше мемлекеттердің ұлттық үйлестірушілерінің отырысы өтті

30.08.2025 20:47

Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің ұлттық үйлестірушілері кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қазақ тарапынан ШЫҰ мәселелері жөніндегі ҚР Ұлттық үйлестірушісі Мұрат Мұқышев қатысты. Іс-шарада 1 қыркүйекте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Тяньцзиньде өтетін алдағы отырысын дайындау мәселелері қаралған. 

Ерекше назар саммиттің қорытынды құжаттарының, оның ішінде Тяньцзинь декларациясы мен ШЫҰ-ның 2035 жылға арналған Даму стратегиясының, сондай-ақ сауда, энергетика, цифрлық экономика, инвестициялар, қауіпсіздік, жаңа технологиялар, «жасыл» өнеркәсіп және мәдениет салаларындағы құжаттардың әзірлеуіне аударылды.

Сонымен қатар ШЫҰ жұмысын одан әрі жетілдіруді, шарттық-құқықтық базаны өзектендіруді және Ұйымның халықаралық қызметін кеңейтуді қоса алғанда, көпжақты ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелері талқыланды.

Қатысушылар өңірдегі орнықты және тұрақты даму мүддесіне бағытталған өзара сенімді, достықты, тату көршілікті нығайту және көпсалалы кооперацияны дамыту жөніндегі ШЫҰ қағидаттарын одан әрі ілгерілетуге бағытталғанын растады.