ШЫҰ саммитіне келген қонақтар концерттік бағдарламаны тамашалады
03.07.2024 23:30
Фото:
Ақорда
ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келген мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдар жетекшілері кешкі ас форматындағы концерттік бағдарламаны тамашалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент орталығында өткен бейресми жиын барысында мәртебелі меймандарға қазақ халқының бай музыкалық мұрасы мен мәдениеті таныстырылып, «Достық жолы» хореографиялық композициясы ұсынылды. Қойылымға Ұлы Жібек жолы бойындағы халықтардың мәдениеттері арқау болған.





Сонымен қатар концерттік бағдарлама аясында ШЫҰ-ға мүше елдер халықтарының әндері мен билері орындалды.



Бұдан бөлек, саммит қатысушылары мен елорда қонақтарының құрметіне отшашу ұйымдастырылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

