Жаңалықтар

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Денсаулық сақтау министрлерінің кезекті кеңесі өтті

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Денсаулық сақтау министрлерінің кезекті кеңесі өтті
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі 15.03.2024 01:33 736

Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Денсаулық сақтау министрлерінің жетінші кеңесі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның жұмысына Үндістан, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстанның денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарының басшылары мен өкілетті өкілдері, ШЫҰ Хатшылығының өкілдері, ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық және ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары қатысты.

Форумның құрметті қонақтары ретінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Бас хатшысының орынбасары Нұран Ниязалиев мырза, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры доктор Ханс Клюге сөз сөйледі.

Біздің планетамызда тұратын адам өмірінің жартысына жуығының денсаулығына жауаптымыз. Сондықтан ШЫҰ-ға қатысушы елдердің денсаулық сақтау министрліктерінің арасындағы өзара іс-қимыл біздің мемлекеттер азаматтарының өмір сүру сапасының кепілі болып табылады, - деді форум делегаттарына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ақмарал Әлназарова.

Сонымен қатар, қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлер басқару саласындағы ынтымақтастықты жандандырудың және биологиялық қауіп-қатерлерді төмендетудің шұғыл қажеттілігін туындататыны атап өтілді.

ШЫҰ-ның өте серпінді дамуын, осы ұйымның өңірлік экономикалық және әлеуметтік әлеуетін нығайтуды, сондай-ақ оның көпжақты ынтымақтастық пен әріптестікті дамыту үшін тиімді тетіктер құруын байқай отырып, денсаулық сақтау мен гуманитарлық көмектің маңызды мәселелері осы ұйымның жұмысында маңызды орын алатынын атап өту қуантады, - деп атап өтті өз сөзінде ДДҰ Еуропалық өңірлік бюроның директоры доктор Ханс Клюге.

Кезекті кеңестің күн тәртібі шеңберінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерде денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, халықаралық ұйымдардың денсаулық сақтаудағы рөліне, ШЫҰ-ға қатысушы елдердің денсаулық сақтау саласындағы кадрлық әлеуетін арттыруға қатысты бірқатар мәселелер қаралды, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығын дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған негізгі шараларының жоспарын бекітуге ниетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға