Жаңалықтар

ШЫҰ-ға мүше елдердің Телефестивалі басталды

ШЫҰ-ға мүше елдердің Телефестивалі басталды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 27.09.2023 05:08 622

Нанкин қаласында (Қытай Халық Республикасы) Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің Телефестивалі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, іс-шараның ашылу салтанатына қазақстандық делегация, ШЫҰ-ға мүше елдер мен бақылаушы елдердің делегаттары қатысты.

Телефестивальдің ашылуы аясында тақырыптық диалогтар өтіп, «Хабар Агенттігі» мен «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамдарының өкілдері «Тәжірибелік ынтымақтастықты тереңдету, ШЫҰ оқиғаларын тарату» және «Ғылым мен технология арқылы интеграциялық инновацияны, жоғары сапалы дамуды күшейту» тақырыптарында, сондай-ақ басқа да шетелдік өкілдер баяндамалар жасады, - делінген мәліметте.

Сондай-ақ Телефестивальде
Қытай БАҚ-та іріктеліп, көрсетілетін Қазақстаннан он шақты телевизиялық жоба ұсынылды.

ШЫҰ Телефестивалінің ашылу қорытындысы бойынша медиа саласындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастыққа бағытталған Бірлескен дамуындағы мүдделері үшін аудиовизуалды ынтымақтастықты жан-жақты тереңдету бастамасы жарияланды.

Еске салайық, биылғы жылдың шілдесінен бастап Қазақстан 2023-2024 жылдар аралығындағы ШЫҰ-ға төрағалық етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға