Жаңалықтар

ШЫҰ елдерінің спорт саласына жауапты басшылары Астанада тал отырғызды

ШЫҰ елдерінің спорт саласына жауапты басшылары Астанада тал отырғызды
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі 23.05.2024 22:45 736

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласына жауапты басшылары «олимпиадалық даярлау орталығының» аумағында ағаш отырғызу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласына жауапты басшылары Алматы облысындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» спорт кешенінің жұмысымен танысты. Келген қонақтар қатарында ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин және Ресей федерациясының, Беларусь Республикасының , Иран ислам Республикасының, Өзбекстан, Тәжікстан, Үндістан Республикаларының Туризм және спорт министрлері мен өкілдері бар.

Олимпиадалық даярлау орталығы – ТМД-дағы ең ірі спорт кешендерінің бірі, инфрақұрылымы халықаралық стандарттарға сай салынған. Спорт нысандарында бір уақытта 2300 спортшы шыныға алады. Мұнда спорттың 23 түрі бойынша олимпиадалық резерв пен ұлттық құрама командалары даярланады.

Сондай-ақ іс-шара барысында ҚР Туризм және спорт министрі, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласына жауапты басшылары «Олимпиадалық даярлау орталығының» аумағында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызу рәсіміне қатысты.

Ванкувердегі Олимпиаданың күміс жүлдегері Елена Хрусталева, ӘЧ қола жүлдегері және Азия чемпионы  Милад Карими, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, 2000 жылы өткен Олимпиаданың чемпиондары –Ермахан Ибраимов пен Ольга Шишигина, сондай-ақ күміс жүлдегері Ислам Байрамуков, 2021 жылы өткен Олимпиада қола жүлдегерлері – Софья Берульцева мен Елдос Сметов келген қонақтарға спорт алаңдарын таныстырып, ерекшеліктерін жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға