El.kz

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында жер сілкінді

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында 4,6 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметіне сәйкес, дүмпу жексенбі күні жергілікті уақытпен сағат 01:06-да болған. Эпицентр Ақсудан 146 шақырым, ал Тұмшұқтан 142 шақырым қашықтықта орналасқан.

Жерасты дүмпулерінің ошағы 7,2 шақырым тереңдікте болған. Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.