Шымкенттік жол полициясы қызметкері желі қолданушыларын тәнті етті
09.02.2024 16:19
Фото:
Видеодан кадр
Шымкенттік полицей Қазнет қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Otyrar мәліметінше, кадрдағы инспектордың есімі – Тауби Ысқақов. Видео авторы белгі беруде жол реттеушінің нық әрекеттеріне риза болған.
Бұл жазба әлеуметтік желілерде жылдам тарап, жүз мыңдаған қаралым мен көптеген пікір жинаған.
«Мықты», «Жарайсың», «Өз ісінің маманы деген осы», «Оның жұмысына деген ынтасы шынымен де мақтауға тұрарлық», «Полиция қызметкері осындай болса керек», «Өз жұмысын біледі екен», «Құдды робот секілді қимылдайды», - деп жазған оқырмандар.
Полиция мәліметінше, инспектор Ысқақов жол полициясы қызметінде 12 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
@daka_koke Бари осындай болсагой✊??? #снег #хочуврек #казахстан #шымкент #рек #полиция #мвд #дпс #красавчик ♬ оригинальный звук - Daka_koke
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

