Шымкенттік тұрғын екі жасар баланы 4-қабаттан лақтырып жіберді
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
24.11.2023 12:23
1334
Жедел жәрдем қызметінен 23 қарашада сағат 21:00-де баланың терезеден құлағаны туралы хабар келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Әл-Фараби ауданында, Ғ.Иляев көшесінің бойында 4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде болған.
Полиция департаментінің қызметкерлерінен болған оқиға туралы ақпаратты нақтылау кезінде баланы 4-ші қабаттың терезесінен психоневрологиялық диспансерде есепте тұратын туысы терезеден тастағаны анықталды.
2021 жылы туған бала ауруханаға жатқызылды, жағдайы ауыр. Оқиғаның мән-жайын Полиция департаментінің қызметкерлері анықтауда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақтың біртуар ұлы Мұстафа Өзтүрік жайлы деректер
Келесі жаңалық
Атыраулық дәрігерлер алғаш рет жүрекке күрделі ота жасады