Шымкенттік құтқарушылар Атырау маңында тәулік бойы жұмыс істеп жатыр
12.05.2024 10:20
Фото:
Видеодан кадр
13 сәуірден бастап Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жеке құрамы Атырау облысында жүр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құтқарушылар бір айдан бері Құлсары қаласында су сору жұмыстарына жұмылдырылды. Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Шыңғыс Зиятдиновтың айтуынша, 263 мың м куб. су сорылған.
Атырау қаласында құтқарушылар Алмалы ауылында және басқа да елді мекендерде жағалауды нығайту жұмыстарына қатысып, 60 мың қап топырақ толтырып, төседі.
7 мамырдан бастап Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жеке құрамы Ақжар ауылында тәулік бойы 47 адамнан тұратын кезекшілікте тұр. Жайық өзенінің деңгейін бақылау түнгі және күндізгі ауысымда жүргізіледі, - деді Шыңғыс Зиятдинов.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

