Шымкенттік ғалым «Жас ғалым» тұрғын үй бағдарламасымен үйлі болды
Фото: Ғылым және жоғарғы білім министрлігі
Фото: Ғылым және жоғарғы білім министрлігі
11.02.2024 23:43
878
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің кіші ғылыми қызметкері, жас ғалым Эльмира Мүсірепова «Жас ғалым» тұрғын үй бағдарламасы бойынша екі бөлмелі пәтерге ие болды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Жас ғалым инволюциясы бар екінші ретті сызықты емес бір өлшемді дифференциалдық теңдеулер үшін екі нүктелі шеттік есептерді шешу жолдарын ғылыми жоба негізінде қарастыруда. Сонымен қатар бірінші туындысы жоқ теңдеулер мен бірінші туындысы бар теңдеулерді зерттеумен айналысып жүр.
Эльмира Беркінбайқызы Ғылым және жоғары білім министрлігіне бастапқы 10% жарнамен және жылдық 5% мөлшерлемемен тұрғын үй алу мүмкіндігін бергені үшін ризашылығын білдіруде.
Тек бұл ғана емес, Эльмира Беркінбайқызында тағы да қуанышты жаңалықтың барын өту керек. Өткен жылы академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің диссертациялық кеңесінде жоба аясында орындалған «Инволюциясы бар толқын және жылуөткізгіштік теңдеулері үшін аралас есептердің шешімділігі» тақырыбында PhD докторлық диссертациясын сәтті қорғап, философия докторы (PhD) дәрежесіне ие болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елімізде мемлекеттік архивтер саны 231-ге жетті