Жаңалықтар

Шымкенттік дәрігерлер өлген адамды тірілтті

Шымкенттік дәрігерлер өлген адамды тірілтті
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі 25.04.2023 20:35 1233

Шымкенттік дәрігерлер ауруханаға клиникалық өліммен жеткізілген адамды тірілтіп алды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Шымкент қалалық №2 ауруханасына жедел жәрдеммен 52 жастағы қала тұрғыны аса ауыр халде жеткізілді. Науқас жолда клиникалық өлімді бастап кешкен. Қиындықтарға қарамастан, дәрігерлер оған дер кезінде алғашқы көмек көрсетті. Нәтижесінде жүрегі тоқтап қалған тұрғынның күретамыры қайта соққан.

«Тұрғын ауруханаға жеткізілген сәтте жағдайы өте ауыр болды. Клиникалық өліммен жеткізілді. ИВЛ аппаратын қостық. Қазіргі жағдайы тұрақты, науқас өздігінен демалып жатыр. Пациент үшінші күні жансақтау бөлімінен кардиология бөлімшесіне ауыстырылды», - дейді реанимация бөлімінің меңгерушісі Ержан Шераліұлы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға