Жаңалықтар

Шымкенттік дәрігерлер небәрі 970 грамм боп туған сәбиді аман алып қалды

Шымкенттік дәрігерлер небәрі 970 грамм боп туған сәбиді аман алып қалды
Фото: © El.kz 06.09.2024 08:45 454

Шымкентте дәрігерлер салмағы небәрі 970 грамм боп дүниеге келген нәрестені аман алып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Шымкент қалалық №2 ауруханасының перзентхана бөлімінде 28 шілде күні 27 апталық бала дүниеге келді. Жарық дүние есігін ашқан сәбидін жағдайы өте ауыр болған. Дәрігерлердін айтуынша, сәбиге алғашқы реанимациялық көмек көрсетіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Туа біткендегі ағзаларының толық дамымауына байланысты нәресте протокол бойынша жансақтау бөлімінде толық емін алып шыққан.

Өкпені жетілдіруге арналған препараттар, антибиотиктер, ағзаның өсуіне қажетті инфузионды терапия арқылы ем жүргіздік. Өмірінің 38-ші тәулігінде жағдайының тұрақты болуына байланысты нәрестені патология бөліміне ауыстырдық, - дейді №2 қалалық ауруханасының дәрігер-неонатологі Қаракөз Асқарқызы.

Қазіргі таңда ана мен баланың өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ. Ал баланың салмағы болса 1512 граммға жеткен. Бала өздігінен дем алуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға