Жаңалықтар

Шымкенттік дәрігерлер балалардың құлақ пердесін бітейтін отаның жаңа түрін тегін жасауда

Шымкенттік дәрігерлер балалардың құлақ пердесін бітейтін отаның жаңа түрін тегін жасауда
Фото: instagram.com/msqory_shymkent 29.07.2024 21:35 503

Шымкент қалалық балалар ауруханасының лор дәрігерлері балалардың тесілген құлақ пердесін бітейтін тимпанопластика отасын жасауда. Күрделі операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен қаржыландырылуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл операцияда науқастың самай бұлшықетінің талшықтары алынып, құлақ тесігін жамауға қолданылады. Нәтижесінде құлақтан іріңнің ағуы тоқтатылып, есту қабілеті мен өмір сүру сапасы жақсарады.

Ерекше отаны қалалық балалар ауруханасының лор-дәрігері Нұрсұлтан Әбен жасауда. Ұзақтығы шамамен 1,5 сағатқа созылатын операция кезінде жалпы жансыздандыру әдісі қолданылады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қалалық филиалындағылардың мәліметінше, әзірге құлақ, тамақ, мұрын және бет-жақ хирургиясының білікті дәрігерлер құрамы 3 балаға сәтті ота жасаған. 

Тимпанопластика операциясы таяу күндері 7 жастағы балаға жасалды. Бұрын мұндай операциялар Алматы мен Астана қалаларындағы медициналық ұйымдарда ғана жасалатын. Пациенттің ата-анасы ұзақ кезек күтпей Шымкент қалалық балалар ауруханасына таңдау жасағандарын айтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға