Шымкенттік дәрігерлер аймақтағы ауруханаларда науқастарды қабылдайды
ҚР ПІБ Медициналық орталығының жыл сайынғы «Менің сүйікті дәрігерім» акциясы аясында 28 қараша мен 2 желтоқсан аралығында дәрігерлер Шымкент, Мырзакент, Атакент, Асықата, Жетісай қалаларында науқастарды тегін қабылдайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Акцияның мақсаты – халыққа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру.
Мамандар тобында: кардиохирург Ерлан Денеев, аритмолог Ринат Камиев, ангиохирург Талғат Сәрсембаев, кардиолог Назира Алибаева.
Қабылдау күндері мен мекенжайы:
Шымкент қ. - 28 қараша. Шымкент Жүрек Орталығы
Мырзакент кенті - 29 қараша. Аудандық орталық аурухана
Атакент кенті - 30 қараша. Аудандық орталық аурухана / аритмолог болмайды
Асықата кенті - 1 желтоқсан. Аудандық орталық аурухана /аритмолог болмайды
Жетісай қ. - 2 желтоқсан. Аудандық орталық аурухана /аритмолог болмайды
Кеңес алуға келген науқастың қолында жеке басын куәландыратын құжаты мен бұрынғы сараптамаларының нәтижесі болуы керек. Дәрігердің дәл диагноз қойып, шешім қабылдауы үшін науқас әкелуі тиіс:
- кардиохирургқа: ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы, коронарография/ КТ дискісі және барлық үзінді көшірмелер, тексерулер, талдаулар;
- аритмологқа: ЭКГ, Холтер ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы.
- ангиохирургке: қантамырлары УДДГ, КТ немесе аортография дискісі және барлық үзінді көшірмелер, тексерулер, талдаулар.
-кардиологқа: жүрек УДДГ, ЭХОКГ хаттамасы, барлық үзінді көшірмелер, тексерулер, талдаулар.