Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
23.12.2024 00:25
Фото:
Шымкент қаласы әкімдігі
Шымкенттік дәрігер Сәкен Ордабеков«Өз кәсібінің үздігі-2024» республикалық конкурста «Ең үздік жедел жәрдем дәрігері» атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Медицина маманы Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясының №7 бекет меңгерушісі болып еңбек етеді.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өз ісінің үздігі атанған Сакен Әскербекұлын марапаттап, ыстық ықыласын жеткізді.
Айта кетсек, білікті медицина қызметкері 10 жылдан аса саланы дамытуда қызмет етіп келеді. Бүгінге дейін 10 мыңнан аса науқасқа шақыртуға шығып, сәтті реанимация жасаған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

