Жаңалықтар

Шымкенттік белсенді Қайрат Нұртастан атағын қайтаруды талап етті

Шымкенттік белсенді Қайрат Нұртастан атағын қайтаруды талап етті
Фото: facebook.com/Рүстем-Есімханұлы-Ашетаев 11.07.2024 17:24 11247

Қоғам белсендісі Рүстем Әшетаев әнші Қайрат Нұртастан Шымкенттің құрметті азаматы атағын қайтарып алуды талап етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл той әншісіне 2019 жылы “ғайыптан” Шымкенттің құрметті азаматы деген атақ берілді. Кімнің ықпалымен берілгені белгілі ғой. Оны ұсынған адамның көңілін қимай сол кездегі мәслихат депутаттары қолдап бекітіп берді.  Негізі бұл атаққа ұсынылатын үміткерлерді белгілі бір критериялар арқылы іріктеледі. Әрі өз талаптары бар. Бұл әншіні қандай “ерен еңбегі” үшін берілгені маған жұмбақ. Әншілігі үшін дейін десең ешқандай халықаралық жүлде алмаған “фонограмщик”. Қайырымдылық жасаумен аты шықпаған. Нақты қаламыз бен халқымызға тигізген ешқандай пайдасы жоқ. Қаламызды дамытуға қосқан үлесі болса бір сәрі тым құрығанда. Ондай пайдасы тиді деп те айта алмаймын, - дейді ол.

Рүстем Әшетаев мұндай атақтың не себепті берілгенін сұрады.

Сонда бұл тойдың әншісіне бай-шонжарлардың тойында ән салғаны үшін берілді ме?! Тойға шықса ақшаға шықты. Әлде, қала мен мектептерде тегін концерттер берді ме?! Не үшін берілді бұған сонда?! Әлде, жастарға үлгі деп берді ме? Үлгі деп берген болса, ол үлгі болып жүр ме қазір? Олай болса үлгі емес қазір деп бұл атағын кері қайтару керек. Оған қазіргі мәслихаттың толық құзіреті бар. Кезінде кеткен қателікті түзететін уақыт келді. Бұлардікі рахат екен. Бұзақылық жасап ана жаққа “кіріп-шығеп”, онысынан ұялмастан ыржалақ-ыржалақ етіп әзілін айтып әнін шырқап жүре беретін. Негізі бұл атақтың құны өте жоғары. Оған өз саласының ең лайықтысы, қалаға әбден еңбегі сіңген деп қоғамда мойындалған азаматтарға ғана бұйырады. Ал мынандайларға беру арқылы біз бұл абыройлы атақтың құнын қолдан түсіріп жатырмыз. Ал бұл атақтың абыройын асқақтатуымыз үшін осындайлардан қайтадан кері қайтаруымыз керек. Бұл атақтың абыройын осылай ғана көтереміз, - дейді белсенді.

Ол алдағы уақытта үміткерлерді іріктеу кезеңі қатаң жүретінін атап өтті.

Әрі келесі жолы үміткерлерді іріктерде ойланатын боламыз. Бұл сабақ болады. Оның “еркелігін” тойдағы фанаттары тойда көтере берсін. Есті қоғам әрдайым әділдік жағында болуымыз керек. Бұл барлық облыс, қала, аудандарға тиесілі ортақ мәселе. Түбіндегі ойы ортақ. Қайрат жәй ғана тілге тиек, мысал ғана!, - деді әнші.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға