Жаңалықтар

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс
14.08.2019 11:48 2396525

Оңтүстік Қазақстан облысының славян мәдени орталығы 1991 жылы ұйымдастырылып, әділет органдарында тіркелген. Бұл өз қызметін Орталықтың Жарғысына және Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жүзеге асыратын қоғамдық ұйым.

Оңтүстік Қазақстан облысының славян мәдени орталығын құруға бастамашылық жасаған – оның тұңғыш төрағасы, археолог ғалым, публицист, Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерінің алғашқы жинағының авторы Николай Павлович Подушкин.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Славян халқының мәдениетін, дәстүрлерін, тілдерін сақтау мақсатында облыстық славян орталығын құру мәселесін көтерген Николай Павлович бірінші күннен бастап сол кездері жұмыс істеген педагогикалық институттағы профессор-оқытушылар арасындағы әріптестері тарапынан түсініспеушілік пен сынға ұшырағаны жасырын емес.

Оны орыс шовинизмін насихаттаушы ретінде айыптап, жоғары оқу орнының басшылығына Ғылыми Кеңес құрамынан шығарып тастап, студенттерге дәріс оқуға рұқсат бермеуді ұсынғаны да аян. Дегенмен, заң шеңберінде жұмыс жасай отырып, Славян орталығы өз қызметін одан әрі дамытып, Шымкент тұрғындары арасында қолдау тапты.

Николай Павловичтің өзі осы күнге дейін қарапайым халық – қазақтар, әзербайжандар, орыстар, өзбек, немістер алдында, яғни өз мемлекетінің игілігі үшін еңбек ететін барлық адам алдында бас иетінін айтудан жаңылған емес. Өз оппоненттерімен пікір таластырған кезде «Мен – ең алдымен қазақстандықпын, содан кейін орыспын», - деп басып айтып отыратын.

Н. Подушкин, республикадағы басқа да славяндар сияқты, кезінде осы өңірге көшіп келген орыстардың бесінші ұрпағы болып табылады. Оның ата-бабалары, аталары және ата-аналары осында жерленген. Балалары мен немерелері де осында тұрады, ешқайда көшуді ойлаған емес. Ол өзін Қазақстанда және одан тысқары жерде танымал ғалым ретінде өсірген елге деген адалдығын сақтай отырып, ешқайда көшу туралы ой үш ұйықтаса түсіне кірген емес.

Славян мәдени орталығының белсенділері мен қоғамдастық өңірдің тарихи және мәдени мұрасын сақтау бойынша ауқымды жұмысты Николай Павлович Подушкиннің есімімен байланыстырады. Бұл жұмыс «Оңтүстік Қазақстан» және «Своя газета» газеттерінде жарияланған Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы көптеген ғылыми-көпшілік мақалалар, студенттерге арналған монографиялар мен оқу құралдары, әртүрлі ғылыми форумдарға жасаған баяндамалары мен хабарламалары арқылы жарық көрді. Бұл жарияланымдарға деректілік пен белгілі бір тақырыпты зерттеуде ғылыми тәсілді пайдалану тән.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор А. Әкішевтің пікірі бойынша, Н. Подушкиннің кітабында орта ғасырдағы мұсылмандар діні мен мәдениетінің қалыптасуына және ерекшеліктеріне арналған бөлімдер ерекше қызығушылық тудырады. Осы пікірді тарих ғылымдарының докторы, профессор М. Көлгелдиев, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж. Таймағамбетов, тарих ғылымдарының докторы, профессор С. Жолдасов және тағы басқалары да құптайды.

Н. Подушкиннің айтуынша, ұлттық мәдениетті дамыту мен сақтаудың басты проблемаларының бірі – этнографиялық және фольклорлық материалдың жеткіліксіздігі. Жас буында өз ұлтының өзіндік ерекшелігін, салт-дәстүрлерін қабылдауға деген қызығушылығының болмауы оны қынжылтатын, ал этноматериалды білушілер қартайып, өмірден озып барады.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Н. Подушкин және мәдени орталықтың жастар қанаты – қаладағы жоғары оқу орындарының студенттері жүргізген сауалнамалар оқушылардың тарих пәні бойынша мектептік бағдарламаны білмейтінін, тарихи жәдігерлердің жоғалып бара жатқанының дәлелі болды. Николай Павловичтің білім беру органдарына бірнеше рет хабарласып, сауалнама нәтижелерін беруі, осы мәселе төңірегінде бірнеше мақала жазуы мектептегі тарих бірлестіктерінің аталған проблеманы шешумен айналысуына түрткі болды.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Бұл мәдени орталық төрағасының белсенді қызметінің бір ғана қыры. Этномәдени бірлестік жұмысы алуан түрлі болды. Төраға басшылығымен Шымкентте, кейіннен Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет Славян жазуы және мәдениеті күндері өткізіле бастады. Осы мерекеге жоғары баға беруге болары сөзсіз. Өйткені осы мереке қызығушылығы мен әуестігі, кәсібі мен ұлты әртүрлі адамдарды жақындастырып, біріктіреді. Кейіннен басқа да мәдени орталықтар осындай мерекелер өткізе бастады.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Н. Подушкин Облыстық славян мәдени орталығының төрағасы қызметін босатқаннан кейін, оның жеке өтініші бойынша осы қоғамдық бірлестіктің басшысы ретінде облыстық қуыршақ театрының директоры – Валентин Иванович Малюченко сайланды.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Валентин Иванович мәдениет саласында көп жылдар қатарынан жұмыс істеді: облыстық, Шымкент қаласы мәдениет басқармасының меңгерушісі, облыстық филармония, қуыршақ театрының директоры. Ол Славян мәдени орталығының төрағасы болған кезде Славян халқы тілдері мен мәдениеті күндері сияқты кешенді бағыттар жандана бастады. Олар халықтық фольклор байқауына ұласып, халықтың шоғырлануына әсер етті. Сонымен қатар, қалалық мектеп түлектерінің Ресейдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алуына қолдау көрсетілді және жақын шетелдегі жоғары оқу орындарында қосымша білім алу мүмкіндігі де іске асырылды.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Валентин Иванович басшылығымен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері біліктіліктерін арттыру үшін Ресей қалаларына шығуы, Ресейден құнды басылымдарды алғызу мүмкіндігіне ие болды. Ол әдебиеттерді кейіннен славян орталығы мәдени-ағартушылық қызметінде (Ресей мемлекеттік кітапханасының НИО «Информ культура» ақпараттық жинағы, - «Россия» «Соотечественники: русская культура вне границ») белсенді пайдаланды.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Бұған қоса, оқушыларды музыка өнеріне Кобалевский жүйесі бойынша баулу идеясы авторларының бірі осы Валентин Иванович болды. Оның арқасында Шымкенттің орталық бөлігінің мектептері музыка сабақтарын облыстық филармонияда өткізді. Осы сабақтарға кәсіби әншілер мен музыканттар, қазақ және орыс ұлттық аспаптары оркестрлері, вокалды-инструменталды ансамбльдер белсенді қатысып, ән сабақтарының тиімділігі мен тартымдылығын жоғары деңгейге шығарды.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Славян мәдени орталығының активі билікпен диалог, ынтымақтастық орнатпайынша, еш іс өнбейтінін сол кездері-ақ түсінген әрі байланыс іздей бастады. Билік те өз кезегінде орталық атқарып жатқан жұмыстың маңыздылығын түсініп, қызығушылық таныта бастайды. Осылайша бірлесіп халықтың көңіл-күйін жақсарту үшін жағдай жасайды. Шымкент те, кейіннен Оңтүстік Қазақстан облысы да ертеден халықтар арасындағы татулық және өзара сыйластықпен ерекшеленіп келген, олардың дамуы тұрақтылық пен бейбіт өмірді насихаттауға, сақтауға бағытталған болатын.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Одан әрі В. Малюченконы Славян мәдени орталығы төрағасының қызметінде алмастырған адам Виктор Александрович Чупиков болды.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Ол кәсіпкер, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты бола тұра, неғұрлым сындарлы әрі ойы ұшқыр басшылар легінің алғашқы қатарындағы азамат болды. Виктор Александрович этномәдени орталықты әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани бағытта дамытуға назар аударды. Әлеуметтік әріптестікте, ұлтаралық ынтымақтастықта және кооперацияда этномәдени орталықтың рөлін нығайту қажет деп санады. Бұл да қоғамдық тұрақтылық пен өңірдің инвестициялық тартымдылығын және өмір сұру сапасын жақсартуға жәрдемдесті.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Виктор Александровичтің сауатты басшылығымен Славян орталығы жеке үй-жай алып, өз кеңсесіне арналған жиһазбен қамтамасыз етілді. Сол кездері Славян жазуы мен мәдениеті күндері, Масленица сияқты бұқаралық мерекелерге облыстық әкімшілік қаржы бөле бастады. Ол «гуманитарлық коридор» ашып, соның арқасында Ленинградта, кейіннен Санкт-Петербургте оқып жатқан Шымкент мектептерінің 300-ге жуық түлегі «КамАздармен» үйлерінен посылкалар ала бастаған.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Осы кездері Санкт-Петербург қаласы Заңнамалық жиналысының депутаттары «Санкт-Петербургтегі ұлтаралық қатынастар туралы» Заң қабылдайды, оның мақсаты – дінге еріктілік негізінде ұлтаралық қатынастарды үйлесімді дамыту, мәдениет, ғылым, ағарту саласында ең озық дәстүрлерді сақтау және дамыту. Бұл байланыстарды нығайтуға септігін тигізді.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Виктор Александрович кезінде Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын Ресей азаматтарына құжаттарын қайта ресімдеуде, ескі паспорттарын ауыстыруда көмек көрсетілді.

Кейіннен үйлестіру кеңесінің мүшесі ретінде В. Чупиковті Славян мәдени орталығы Беларусь Республикасының Шымкент қаласындағы Сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілі ретінде ұсынды. Оған үлкен сенім білдіріп, Қазақстанның оңтүстігінде қазақстандық-белорустық бірлескен кәсіпорындар құру тапсырылды.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Борис Александрович Рузанов 2002 жылы Славян мәдени орталығының төрағасы болып сайланады. 

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Осы кездері орталық қызметінің басты бағыттары – орыс тілімен әдебиетін оқуды жетілдіру, славян мәдениетінің ең озық үлгілерін насихаттау, славян халқының салт-дәстүрлерін сақтау, өңірдегі ұлтаралық қатынас мәдениетін арттыру болды.

Борис Александрович облыстық славян мәдени орталығының қалалық және аудандық бөлімдерінің жұмысына, олардың арасындағы байланысты нығайтуға ерекше назар аударды. Сол кездері Славян жазуы мен мәдениеті күндері, Рождестволық кештер, Масленицалар барлық жерде кеңінен аталып өте бастады. Б. Рузанов облыста «Играй, гармонь» байқауын өткізу туралы бастама жасады. Бұл жарыс кейіннен облысаралық деңгейге шықты (конкурсқа Жамбыл, Қызылорда облыстары қатысты). Әдетте мұндай мерекелер интернационалдық деңгейге ұласады, бұл да облыста тұратын этникалық топтар арасындағы ұлтаралық келісімді нығайтуға септігін тигізді.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Славян орталығы Ресейдің Қазақстандағы жылында және Қазақстанның Ресейдегі жылында біраз іс-шаралар өткізді. Осы кезде халық достығы фестивалі, дөңгелек үстелдер, ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, 2004 жылы «Оңтүстік Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Ресей халқы мен этникалық ресейліктердің орны» атты ғылыми-практикалық конференция үлкен резонанс тудырды.

2009 жылғы тамызда өткен есептік конференцияда Б. Рузановты облыстық мәдени орталықтың құрметті төрағасы ретінде сайлау туралы ұсынысты барлық қатысушылар бірауыздан қабылдады. Бұл Борис Александровичтің облыстағы ұлттық-мәдени қозғалысқа қосқан үлесіне берілген жоғары баға болды.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

2009 жылғы тамызда Оңтүстік Қазақстан облыстық славян этномәдени орталығының төрағасы ретінде Юрий Георгиевич Кирюхин сайланды. 

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Ол кеңес одағы кезінде комсомол, партия қатарында қызмет еткен жалынды қызметкер, 18 жыл «Южный Казахстан» газетінде жұмыс істеп, оның бас редакторы болған.

1991 жылдан бастап 2009 жылға дейін үйлестіру кеңесінде төрағаның орынбасары қызметін атқарып, мәдени орталық жұмысының негізгі проблемалары, оларды шешу жолдары мен әдістерінен хабардар болған азамат.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Есептік-сайлау конференциясында және жаңадан сайланған үйлестіру кеңесі басқармасының алғашқы отырыстарында қызметтің негізгі бағыттары белгіленді. Активтің өзін-өзі іске асыруы және белсенділігі негізінде жоспарлар жасалып, онда славян халқының қажеттіліктері толық ескерілді.

Басым бағыт – отандастарды шоғырландыру және біріктіру болып анықталды. Бұл ретте славян орталығы тек этникалық славяндар мен этникалық ресейліктерді ғана емес, сонымен қатар Ресейдің оқу орындарын бітірген немесе сонда жұмыс істеген басқа да ұлт өкілдерін, Ресей мәдениеті мен тарихын, А. Пушкинннің тілін дәріптейтін адамдарды біріктіруге баса назар аударылды.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Соңғы жылдардағы маңызды іс-шаралар ретінде жыл сайын «Қазақ Романсиадасы» атты халықаралық романс орындаушылар конкурсын өткізу, ол бүгінгі таңда Орталық Азия мен Қазақстандағы орыс және қазақ романстарының танымал орталығына айналды. Осы орайда Ресейдің өнер қайраткері, «Романсиада» Мәскеу халықаралық конкурсының көркемдік жетекшісі Галина Преображенская хаттарының бірінде: «Бүкіл Ресей романсы қоғамдастығының атынан Оңтүстік Қазақстан облыстық славян мәдени орталығының төрағасы Ю.Г. Кирюхинге орыс және қазақ мәдениетінің игілігіне адал қызметі, керемет ұйымдастырушылық қабілеті, Шымкенттегі конкурста қалыптасқан шығармашылық көңіл-күй үшін шын жүректен алғысымды жеткізгім келеді. Әрине бұл алғысым Юрий Георгиевичпен қатар оның сенімді әріптестері мен мықты командасына да арналады»,- деп жазады.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Ю. Кирюхиннің басшылығымен облыстық әкімдіктің, «Единство в разнообразии» журналының, «Южный Казахстан», «Рязанские ведомости» қоғамдық саяси газеттері редакциясының қатысуымен ұйымдастырылған Халықаралық поэзия байқаулары кеңінен танымал бола бастады. Осы байқаудың мақсаты – орыс тілінде жазатын Орталық Азия мен Ресей әдебиетшілері арасында шығармашылық байланыстарды тереңдету, өңірлердің орыс-славян және ұлттық интеллигенциясының мәдени мұрасын сақтау, оны жас ұрпаққа жеткізу болып табылады.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Орталық Басқармасы жастармен тиімді жұмыс жасай бастады. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институтының ректораты және Дүниежүзілік тарих кафедрасымен бірлесіп, «Жаңа ұрпақ» атты студенттер мен оқушылар арасында Олимпиадалар өткізді. Бұған облыстың жоғары оқу орындарынан мыңнан астам студенттер мен оқушылар қатысты. Жеңімпаздар сыйлық ретінде Ресейдің тарихи орындарына тегін саяхатпен марапатталды.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

«Өткен жылдар повесі жастардың қаламымен», «Ата-бабаларымыздың ойын-сауықтары» атты мәдени-ағарту бағдарламасы, Славян жазуы мен мәдениеті күндеріне арналған оқушылар арасындағы шығармалар конкурсы, Пушкин, Лермонтов, Есенин оқулары жастар арасында қызығушылық тудырды.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Облыстық славян мәдени этнобірлестігінің белсенді көмегімен А. Пушкин атындағы кітапхана жанында Ю. Кирюхиннің бастамасымен құрылған Ұлттық әдебиет орталығында Оңтүстік Қазақстанның көпұлтты мәдениеті мен өнеріне үлес қосқан белгілі қайраткерлердің мерейтойларын атап өту дәстүрге айналған.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Алға қойған жоспарды іске асыруға ат салысқандар - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық орыс драма театры, опера және балет театры, Шымкент қаласының Оқушылар сарайы, кәсіпкерлер, облыстың спорт қайраткерлері. Ақпаратты сүйемелдеушілер - «Южный Казахстан», «Рабат» газеттері, «Отырар» телекомпаниясы және тағы басқалары.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында Ю. Кирюхин қоғамдық келісімді нығайтуға және елімізде халық бірлігін қамтамасыз етуге қосқан сүбелі үлесі үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалін алды.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Бұған дейін, 2014 жылы қазанда Ю. Кирюхин Ресеймен достықты және ынтымақтастықты нығайтуға, шетелде орыс тілі мен мәдениетін сақтауға және танымал етуге қосқан қомақты үлесі үшін Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Жарлығымен Александр Пушкин медалімен наградталды.

2016 жылы Астана және Қазақстан Митрополиті Александр діниаралық төзімділікті, бейбітшілік пен келісімді сақтауға қосқан үлесі, шіркеулік еңбектері үшін Ю. Кирюхинді епископ Верненский Пимен орденімен наградтады.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Бұдан басқа, Кирюхин тағы да сегіз мерекелік медальдармен наградталған.

Ю. Кирюхин – Қазақстан Республикасының Құрметті журналисі, Шымкент қаласының Құрметті азаматы.

Айтпақшы, ағымдағы жылы бейбітшілік, мейірімділік пен келісім адамы Юрий Кирюхин 75 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихы мемлекеттік архивінде өлкенің, облыстың, қаланың дамуына елеулі үлес қосып, халық арасында құрметке бөленген адамдар туралы құжаттар молынан сақталған. Осы құжаттар арасында 75жасқа толып отырған Юрий Георгиевич Кирюхиннің де құжаттары жетерлік.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Юрий Георгиевич үлкен өмір мектебінен өткен адам. Ол Талдықорған қаласында туған. Мектеп аяқтағасын, каменщик ретінде жұмыс істеп, кешкі мектепте білім алады. Кейін Орал педагогикалық институты, Армия қатары, Шымкент пединституты болды. Тағдырдың жазуы бойынша ол физика пәнінің мұғалімі ретінде еңбек жолын бастаған № 20 Титов атындағы мектеп пен оның зейнеткерлікке шыққаннан кейін жұмыс істейтін жерінің мекенжайы бірдей болды (Славян мәдени орталығы бір кездері № 20 мектеп ғимаратында орналасқан).

Жас маманның ұйымдастыру қабілеті, еңбексүйгіштігі мен табандылығы көзге түсіп, оны Шымкент облыстық комсомол комитетіне инструктор ретінде шақырады. Кейіннен ол кәсіби-техникалық білім беру секторының меңгерушісі, насихат және мәдени-бұқаралық жұмыс бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Юрий Георгиевич партиялық жұмысы кезінде адамгершілік, идеология, әскери-ұлтжандылық, интернационалдық тәрбиеге ерекше назар аударып, жауапкершілікпен қараған.

1991 жылғы 1 наурыздан бастап Шымкент облыстық халық депутаттары кеңесінің қаулысымен Ю. Кирюхин облыстық «Южный Казахстан» газетінің бас редакторы лауазымына тағайындалды.

Юрий Георгиевич зейнеткерлікке шыққан соң демалысқа кетпеді, ол Оңтүстік Қазақстан облыстық славян этномәдени орталығының төрағасы болып, тілдің, ұлттық мәдени құндылықтардың, ұлтаралық келісімнің сақталуына зор үлес қосты.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Ю. Кирюхин Ресей елшілігі мен консулдығымен тығыз байланыс орната отырып, оңтүстік өңірдің интеллектуалды және мәдени дамуы үшін «Содружество» атты ұлттық әдебиет орталығын құрды, ауқымды әрі қызықты мереке, конкурстар, фестивальдар ұйымдастырды.

Юрий Георгиевичтің энциклопедиялық білімі жеткілікті, дегенмен ол әрқашан ізденіс үстінде. Әрдайым жаңалыққа жаны құштар бола тұра, мінезі өте сыпайы, тәрбиелі, нағыз интеллигент адам.

2016 жылғы ақпанда Юрий Георгиевич Облыстық славян мәдени орталығының төрағасы өкілеттігін «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің редакторы Марина Лимаренкоға тапсырды. Бұл ретте ол «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан филиалының жетекшісі қызметін сақтап қалды.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

2018 жылғы 5 қазанда балалар және жасөспірімдер орталығында Шымкент қаласы славян қоғамдық ұйымдары өкілдерінің жиналысы өтті.

Жиналыс негізінен славяндардың қалалық мәдени орталығы үшін құрылтай жиналысы болды. Ю. Кирюхин мен Түркістан облыстық славян мәдени орталығының төрағасы Марина Лимаренко, Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы облыстық филиалының төрағасы Денис Пономаренко, «Отандастар» құқық қорғау ұйымының төрағасы Александр Подвиг, Қазақстан Республикасы православиелік ағарту қоғамы облыстық филиалының жетекшісі Алина Соловьева қатысушыларды проблемалық мәселелерді шешіп, көптеген қоғамдық бірлестіктердің жұмысын дұрыс бағыттауға шақырды. Барлығы жұмылып Жаңадан құрылған Қалалық славян орталығы жұмысының негізгі бағыттарын анықтады. Оның Басқармасының құрамына бірауыздан 7 белсенді адам сайланды.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Еліміздің үшінші мегаполисінің Славян мәдени орталығының жетекшісі лауазымына Шымкент қаласы Балалар және жасөспірімдер орталығының директоры Наталья Романова ұсынылды. 

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Оны бәрі бірауыздан қолдады. Романованың басшылығымен жаңа қызықты жобалар мен іс-шаралар ұйымдастырыла бастады.

Романова Наталья Сергеевна 1957 жылы туған, білім жоғары, педагогикалық еңбек өтілі – 41 жыл.

Н. Романованың бастамасы бойынша Шымкент қаласы Білім басқармасының «Оқушылар сарайы» ЮНЕСКО Клубы Қазақстандық Ұлттық Федерациясының құрамына өтті.

Оқушылар сарайы ұжымының қызметі Білім және ғылым министрлігі тарапынан жоғары бағаланып, осы мекеме мектептен тыс білім берудің «Алтын кітабына» енгізілді.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Романова Наталья Сергеевна бастамашыл, шығармашыл, сауатты басшы. Күнделікті еңбегімен жас буынды ұлтжандылыққа, төзімділікке, жауаптылыққа тәрбиелеу ісіне белсенді үлес қосып келеді. Н. Романованың бастамасымен құрылған «Мектеп жастары қауымдастығы» – балалар қоғамдық бірлестігі жас ұрпақты тәрбиелеудегі қарымды қадам. Бұл бірлестік бүкіл қала мектептерінің көшбасшылары мен белсенділерін тәрбиелейді.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Романова Наталья Сергеевна «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі», Ы. Алтынсарин төсбелгілерімен, «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық бірлік Алтын медалі» қоғамдық наградасымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталды.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Этносаралық келісім мен бірлікті насихаттауға бағытталған көптеген облыстық, қалалық іс-шаралар сценарийлерінің авторы, түрлі фестивальдар мен конкурстар ережелерін әзірлеуші.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Наталья Сергеевна 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Құрмет» орденімен және 2019 жылы «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» төсбелгісімен наградталды.

Шымкенттің Славян мәдени орталығы және оған басшылық еткен тұлғалар: 28 жылғы жүйелі жұмыс

Әсем Жұмабекова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.

Бөлісу:

Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға