Жаңалықтар

Шымкенттегі жаңа әуежай құрылысы қашан аяқталады

Шымкенттегі жаңа әуежай құрылысы қашан аяқталады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 15.06.2023 12:56 991

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жолаушылар тасымалы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімнің айтуынша, жолаушылар тасымалының деңгейін арттыру мақсатында, қаладағы автобустар паркін соңғы 5 жылда 35 пайыздан 90 пайызға дейін жаңартып, шалғайда орналасқан елді мекендер толығымен автобуспен қамтылған.

Сонымен қатар, жеке инвестор есебінен құрылысы жүргізіліп жатқан жаңа әуежай терминалын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Темір жол вокзалы сенімгерлік басқаруға беріліп, жеке инвестор есебінен толығымен қайта жаңартылатын болады. Нәтижесінде, әуежайдыңжолаушыларды өткізу қабілеті сағатына 200 адамнан 2 000 адамға, темір жол вокзалы тәулігіне 2 000 адамнан 6 000адамға дейін артады, - деді әкім.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға