Шымкенттегі Мұз сарайы мемлекетке қайтырылады
Фото: Facebook/Дәурена Ерғарин
Фото: Facebook/Дәурена Ерғарин
18.06.2024 12:41
711
Шымкенттегі «Мұз сарайы» мемлекет меншігіне өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қалалық антикор басшысы Дәурен Ерғарин әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Сот үкімімен спорт сарайын сатып алу және сату шартының күші жойылды.
Департамент қала прокуратурасымен бірлесіп «Мұз сарайын» мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылдады. Биылғы жылдың 27 мамырында бірінші сатыдағы сот «Спорт сарайы» ЖШС үлесін жеке меншікке 128 млн. теңгеге сатып алу-сату шартының күшін жойды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ, – дейді ҚР СЖҚІҚА Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Токионың интернет жылдамдығын өлшеп көрмедім - министр
Келесі жаңалық
Алматыда моншадағы өрт сөндірілді