Жаңалықтар

Шымкенттегі колонияда тұтқын қайтыс болды

Шымкенттегі колонияда тұтқын қайтыс болды
Фото: pixabay.com 12.09.2024 10:49 466

Шымкенттегі колонияда тұтқын қайтыс болды. 37 жастағы ер адамның туыстары мекеме қызметкерлері оны ұрып өлтіргенін алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, қайғылы жағдай 7 қыркүйекте болған. Мекеме басшысының сөзінше, бопсалау бабымен үш жарым жылға сотталған ер адам түрмеге түскелі асқазан ауруымен ауырған. Бес рет дәрігерлер көмегіне жүгінген. Соңғы рет 3 қыркүйекте ауруханаға түсіп, кейінірек көз жұмған. Медицина және түзеу мекемесінің мамандарына қатысты қызметтік тексеру басталды.

Ер адам темір торға бір ай бұрын ғана түскен. Марқұмның артында 3 баласы мен келіншегі қалды. Ал қылмыстық істің қай бап бойынша қозғалатыны сот-медициналық сараптамасынан соң белгілі болмақ.

Қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүріп жатыр, құзырлы органдар да тексерісті бастады. Ол кісілер бізге сенбейді, "ұрды-соқты" деп түсініп жатқан шығар. Бірақ тексеру қорытындысы шығады, – деді Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты № 54 мекеменің бастығы Серікбай Дүйсенов.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға