Жаңалықтар

Шымкенттегі индустриялық аймақта өрт шықты

Шымкенттегі индустриялық аймақта өрт шықты
Фото: ҚР ТЖМ 27.07.2024 19:06 615

Шымкенттің өрт сөндірушілері ашық жануды өшірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Шымкент қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелеріне Еңбекші ауданында орналасқан «Ордабасы» индустриялық аймағының аумағында күкірт жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт сөндірушілер келген кезде ашық күкірттің жануы анықталды. ТЖМ күштерімен сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Жедел штаб ұйымдастырылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, - делінген мәліметте.

Өрт орнына ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы жеткен. Өрт орнында ЖАО, СЭС және ӨҚКД өкілдері жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға