Шымкенттегі дәмхананың бірінде ер адам қызды аямай ұрып тастады
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
30.01.2024 09:48
1103
Шымкентте қаладағы дәмханалардың бірінде ауысыммен жұмыс істейтін қыз соққыға жығылған, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға видеоға түсіп қалған. Полицейлердің мәліметінше, бұл факт бойынша тергеу басталып кетті.
Бір топ ер адам телефондарын қайта сату үшін қаладағы дәмханалардың біріне кірген. Мекеме қызметкері олардың кетуін талап еткенде, ашуланған ер адамдар қызды бірнеше рет ұрған.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады. Ведомство ақпаратынша, жарақаттың ауырлық деңгейі анықталғаннан кейін барлық қажетті шара жедел түрде қабылданады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қару-жарақ табылды