Жаңалықтар

Шымкенттегі ауруханада науқас дәрігерлерге шабуыл жасады

Шымкенттегі ауруханада науқас дәрігерлерге шабуыл жасады
Фото: Видеодан кадр 22.09.2023 10:20 1529

Шымкенттегі токсикологиялық орталықтың жансақтау бөлімінде ер адам медицина қызметкерлеріне әдепсіз сөздер айтып, кейін дәрігерлердің біріне шабуыл жасаған, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Ер адам барлық жедел жәрдем қызметкерлерін қорқытып, кейін оларға шабуыл жасаған. Төбелес басталғаннан кейін медицина қызметкерлері науқастарды басқа палатаға алып кетіп, жақын маңдағы ер адамдарды көмекке шақырған. Жедел жәрдем дәрігерлері айғайға басқан науқасты еденге жатқызып, тыныштандырды.

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтап, хабар берді.

20 қыркүйек күні сағат 19:50-де Гипербариялық оксигенация орталығына 1995 жылғы азамат жедел медициналық жәрдем көлігімен жеткізілген. Жақындарының айтуынша, пациент улы сұйықтық ішкен. Науқасты дәрігерлер тексеріп, психикалық қозу жағдайының болуына байланысты, тыныштандыру, ем шараларын жүргізу мақсатында  жансақтау бөлімшесіне кіргізген. Алайда науқас көмек көрсетуге қарсылық білдіріп, медициналық қызметкерлерге күш көрсеткен. Орын алған жағдай байланысты 102-қызметіне хабар берілді, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Талғардағы ауруханада көз жұмған науқастың туыстары дәрігерлерді соққыға жыққаны туралы жазған едік. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға