Жаңалықтар

Шымкентте тағы бір аудан құрылады

Бұл мәселе қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес алдағы сессияда Республикалық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылады.
Шымкентте тағы бір аудан құрылады
08.07.2022 03:39 2544

Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясында депутаттар «Шымкентте бесінші аудан құру туралы» ұсынысты бір ауыздан қолдап дауыс берді, деп хабарлайды El.kz.

Халқының саны миллионнан асқан мегаполис осылайша 5 аймаққа бөлініп отыр. Жаңадан құрылатын ауданның аумағы 36 мың гектарды құраса, ондағы тұрғындар саны шамамен 200 мыңнан асады. Ал, әзірге жаңа ауданға қандай атау берілетіні белгісіз. Бұл мәселе қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес алдағы сессияда Республикалық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылады. Бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласының аумағында Қаратау, Еңбекші, Әл-Фараби, Абай аудандары әкімдіктері болған.

– Бесінші ауданды құру қаланы басқаруды жетілдіріп, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға септігін тигізеді, – деді әкімдіктегілер.

Айта кетейік, Шымкент қаласының бас жоспарына ЛРТ және БРТ құрылысы енгізіліп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға