Жаңалықтар

Шымкентте тұрмыстық техника сақталған қойма өртенді

Алдын ала деректер бойынша қоймада ЛДСП, ламинат және тұрмыстық техника сақталған.
Шымкентте тұрмыстық техника сақталған қойма өртенді
21.07.2022 22:18 1876

Шымкентте бұрынғы кірпіш зауытының аумағында "NIК Дистрибьюция" ЖШС-ның бір қабатты қоймасы өртенді, деп хабарлайды El.kz

Ғимараттың өзі П қарпі тәрізді, жартылай аумағында екі қабатты нысандары орналасқан.

Алдын ала деректер бойынша қоймада ЛДСП, ламинат және тұрмыстық техника сақталған. Өрттің жалпы ауданы - 1800 шаршы метр. Өрт сағат 17:07-де ауыздықталды. Өрттің себептері мен материалдық залалдың мөлшері анықталу үстінде.

– Жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 120 қызметкері, 25 техникасы, бір өрт сөндіру пойызы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бір бригадасы, жедел медициналық жәрдем бригадасы, полиция департаментінің 30 қызметкері мен тоғыз техникасы, жергілікті атқарушы органдардың жеті қызметкері мен жеті техникасы аяғынан тік тұрғызылып, өртті сөндіруге жұмылдырылды, – делінген Шымкент қаласы ТЖД таратқан хабарламада.

Жұмысшылардың бірін күйік шалды, бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға