Жаңалықтар

Шымкентте жыл басынан бері 12 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды

Шымкентте жыл басынан бері 12 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды
29.07.2023 08:11 614

Биыл Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары бойынша 23 420 жұмыс орнын құру жоспарланған. Бұл туралы қалалық әкімдікке сілетеме жасай отырып Еl.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазіргі таңға Ұлттық жобалар мен жеке бастама негізінде 12 мыңнан астам жұмыс орны ашылған.

Жыл соңынан дейін жалпы 57 181 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Оның ішінде, кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту көзделіп, бүгінгі таңға 22 мыңнан астам азамат қамтылған, - делінген мәліметте.

Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасында кәсіби білім беру, кәсіпкерлікті дамыту, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту, субсидияланатын жұмыс орындарымен қамту қарастырылған. Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша биылғы жылдың 6 айында 6 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға