Шымкентте жұрттың үрейін тудырған жыландар тыйылмай тұр
20.05.2025 06:37
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Шымкентте жеке тұрғын үй аумағынан тағы жылан табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы 112 пультіне Н.Төреқұлов көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйдің қожайыны хабарласқан. Айтуынша, үйінде бауырмен жорғалаушы жүрген және ол үй ішіндегілердің үрейін тудырған.
Құтқарушылар шақырту орнына жедел келіп, арнайы құралдың көмегімен рептилияны ұстап, азаматтарға қауіп төндірмеу үшін оны елдімекеннен алыс қауіпсіз жерде жіберді.
Осы ретте ТЖМ жылан табылған кезде адамдарды қауіпсіз аймаққа шығарып, құтқарушыларды шақыруды ұсынады. Оны өздігінен ұстау әрекеті қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
Еске салсақ, біз бұған дейін Шымкентте жеке тұрғын үй секторларында жылан қаптап кеткені туралы жаздық.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

