Жаңалықтар

Шымкентте жүкті әйелдерге арналған "Бір күндік клиника" жобасы басталды

Шымкентте жүкті әйелдерге арналған "Бір күндік клиника" жобасы басталды
Фото: Шымкент қ. денсаулық сақтау басқармасы 01.06.2024 23:16 682

Шымкентте “Бір күндік клиника” бірегей жобасы іске қосылып, салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қалалық перинаталдық орталық базасында ашылған клиникада жүкті әйелдер ерте кезеңде диагностикалық тексеруден өтіп, туа біткен ахауларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, перинаталды скрининг, туа біткен ақаулар мен хромосомалық ауытқулардың қаупін бағалау - мұның барлығы бір күндік процедураға айналды. Бір күндік клиника – бір жерде, бір күнде перинаталдық диагностиканын барлық тексерулерінің жиынтығын өткізіп, нәтижелерін жылдам және нақты алуға мүмкіндік береді. Барлық диагностикалық процедуралар мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен тегін жүргізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға