Жаңалықтар

Шымкентте жоғалып кеткен 5 жасар қыз анасымен қауышты

Шымкентте жоғалып кеткен 5 жасар қыз анасымен қауышты
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 17.05.2024 17:47 713

Шымкентте жоғалып кеткен 5 жасар қыз анасымен қауышты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицияға жергілікті тұрғыннан қызы жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Оның айтуынша, 5 жасар қыз би үйірмесіндегі сабағынан шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Тәртіп сақшылары қыздың жүрген жерін анықтау үшін жақын маңдағы барлық аумақты аралап, оны көруі мүмкін адамдардан сұрастырды.

Іздеу шараларының нәтижесінде патрульдік инспекторлар жарты сағат ішінде қызды тамақтану орындарының бірінен тауып, анасына аман-есен қайтарып берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға