Шымкентте жоғалып кеткен 14 жастағы қыз Астанадан табылды
07.06.2023 15:04
Фото:
El.kz
Шымкент қаласында жоғалған 14 жастағы Арайлым Ақтай Астанадан табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қызды еріктілер Астананың «Сапаржай» автовокзалынан тапқан.
6 маусымда оның әкесі полиция бөлімшесіне хабарласып, баласының із-түзсіз жоғалып кеткенін айтқан. Жасөспірім 5 маусымда үйінен шығып, қайтып оралмаған.

