Шымкентте жайлы мектептерге қоғамдық көліктер қатынайтын болды
04.11.2024 07:36
Фото:
Шымкент қаласы әкімдігі
Шымкентте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңадан ашылып жатқан мектептерді қоғамдық көлікпен қамту мақсатында автобустар ұйымдастырылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдік №122, №191 және №55 автобус маршруттарының сызбаларына өзгерістер енгізілетінін атап өтті. Нақтырайқ айтқанда, Қарабастау тұрғын алабына қатынайтын №122 және №191 бағыттағы қоғамдық көліктердің сызбасы №142 жалпы орта білім беретін мектебіне дейін ұзартылады. Ал №55 автобус маршруты Нұршуақ шағынауданындағы №140 мектебі арқылы ұйымдастырылады.

