Шымкентте жаяу жүргіншілерді қаққан полиция қамауға алынды
08.08.2023 00:30
Фото:
© Polisia.kz
3 тамыз күні Шымкенттегі Байтұрсынов көшесінің бойында Тұран АПБ-ның жүргізуші-полицейі жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды қағып, жол апатын жасаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Салдарынан анасы мен қызы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. 7 тамыз күні әйел жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды.
Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Сондай-ақ қызметтік тексеру нәтижесінде тәртіп сақшысы Ішкі істер органдарынан босатылған.
Қазір ол УҰИ-ға қамалды. Қылмыстық іс материалдары айыптау актісімен бірге сотқа жолданады, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, тергеу барысы полиция департаментінің бастығы Қайрат Далбековтің қатаң бақылауында.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

