Жаңалықтар

Шымкентте жасырылған қару-жарақ табылды

Қазіргі уақытта жедел уәкілдер қаруды жасырған азаматтарды анықтап жатыр.
Шымкентте жасырылған қару-жарақ табылды
Фото: дереккөз 31.08.2022 21:35 1709

Шымкенттік полицейлер атыс қарулары мен оқ-дәрілер жасырылған екі орынды анықтады, деп хабарлайды EL.KZ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ІІМ мен Шымкент қаласы ПД және ҰҚКД-нің қызметкерлері “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында мегаполис орталығындағы үйлердің бірінің қоршауы жанынан және орман алқабының жырасынан қару-жарақ жасырылған орындарды анықтады. 

Нәтижесінде полиция қызметкерлерімен: екі шолақ мылтық, ТТ-ға ұқсас тапанша, карабин, Калашников автоматы, “Сайга” тегіс ұңғылы мылтық, “Бенелли” аңшылық мылтығы, “Штурм” полиция қалқаны және дене бронды жилеті, сондай-ақ 115 патрон және Ф-1 оқу гранатасы тәркіленді.

ҚР ҚК-нің 287-бабының 1-ші және 3-бөліктері “Қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, өткізу, сақтау және алып жүру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта жедел уәкілдер қаруды жасырған азаматтарды анықтап жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға